jasqazaq.kz

Шымкенттік тұрғын бөтеннің көлігін эвакуаторға салып, ұрлап кетті

30 қараша 2021, 16:57

Шымкенттік тұрғын бөтеннің көлігін эвакуаторға салып, ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Полиция басқармасына қала тұрғыны Nexia маркалы автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы арызданған. Оның айтуынша, Сайрам тұрғын алабы Юлдашев көшесінің бойында көлігі бұзылып қалып, сол жерде тастап кеткен, екі тәулік өткеннен кейін аталған мекенжайға барған уақытында көлігінің жоқтығын байқаған. Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері жедел-тергеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша, орын алған ұрлық фактісі сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын анықтады.

Бейнежазбада ер адамның көлікті эвакуаторға салып, алып кеткені анық көрінген. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, бейбақылау камераларының көмегімен Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған 27 жастағы азаматты ұстап, басқармаға жеткізді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, одан әрі сотқа жолдау үшін прокуратураға жолданды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр