jasqazaq.kz

Шымкенттік шенеунік халықтың сұрағына жауап бере алмады

27 наурыз 2018, 15:14


Шымкент әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Қайрат Нұртай Наурыз мерекесіне қатысты қойылған сұраққа жауап таппай, ұятқа қалды.

Nur.kz  хабарлағндай, Оңтүстік өңірінде өткен «Наурыз Қазығұрттан басталады» шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Түймебаев Ұлыстың ұлы күні биыл отызыншы рет тойланып отырғанын айтып, мерекенің маңыздылығына тоқталған болатын.
Шымкенттік шенеунік бұл шараға қатысқанымен, әкімнің ол сөзін «естімедім» деп, тіпті не үшін отызыншы рет тойланып отырғанын білмейтінін ашып айтты.
«Наурыз ежелден ата-бабамыздан келе жатқан мейрам, жылда тойланып келе жатқан іс шара. Отызыншы рет тойланып отыр дегенді естіген жоқпын, есімде жоқ. Білмейді екенмін оны…», — деп жауап берді шымкенттік шенеунік Қайрат Нұртай.
Ақпарат ретінде айта кетейік, 1926 жылы Кеңес Үкіметі Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салғаны белгілі.
Араға 62 жыл салып бұл мереке қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың Колбинге жазған хатынан соң қайта тойлана бастады. Осылайша биыл Ұлыстың ұлы күні мемлекеттік деңгейде отызыншы рет аталып өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде