jasqazaq.kz

Шымкенттік полицейлер журналистерге күш қолданған

06 сәуiр 2021, 10:58

Алтынтөбе ауылында болған оқиғадан журналистер де зардап шекті. Шымкенттік полицейлер қызмет бабында жүрген тілшілерге күш қолданған. Осыған ашынған бір топ журналист қолына плакат алып полиция департаментінің алдына барды. Бұл туралы КТК телеарнасы.

— Абдуллаев әріптесімнің қолын қанатты. Қолындағы қолшатырын сындырды. Бұл көріп тұр. Диляра Исаның телефонын тартып алмақ болды. Біздің араласуымызбен телефонын сақтап қалды. Бұл полицияға қолмен түртсең жаза бар. Сындырады. Журналистер де қорғалған. Журналисті ұрған кезде заң жүрмейді бізде – Шымкентте.

Тілшілердің ашуына кезекті түсірілім кезінде жасалған бірнеше шабуыл себеп болған. Жолды жаппақ болған тұрғындарды түсіру кезінде полицейлер журналистің телефонын тартып алмақ болған. Денесімен көлегейлеп, түсіруге кедергі жасады. Тағы бір арнаның телеоператорын тұмсықтан ұрған. Тіпті бір тілшіге тәртіп сақшысы «сені өлтіремін»- деп ашық қоқан-лоққы көрсеткен. Ашынған тілшілерге Шымкент полиция департаментінің басшысы өзі шықты. Генерал дөрекі қызметкерлері үшін кешірім сұрап, барлық жәйт жіті тексерілетінін жеткізді.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент полиция департаментінің бастығы:

— Егер біздің қызметкерлер кінәлі болса, кешірім сұрауға дайынмын. Кешіріңіздер. Заңды шешім қабылдаймыз. Тергеу жүргізіліп жатқан кезде өздеріңіз қатысасыздар. Жасырын болмайды, білесіздер, есік ашық. Қарсы емеспін, кез келген уақытта келіңіздер, көріңіздер, біз оны бастадық.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия