jasqazaq.kz

Шымкенттік полицейлер бұзақылардан оңбай таяқ жеді

29 желтоқсан 2020, 22:13

Шымкенттік полицейлер бұзақылардан оңбай таяқ жеді. Аулалардың бірінде топырлап тұрған топқа ескерту жасаған тәртіп сақшыларын жігіттер жабылып сабап тастаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сізді ұрды ма?

— Ыы…

— Немен ұрды?

— Екі жігіт таспен ұрды ғой.

— Ұрған жоқпын.

— Қалай ұрған жоқсыз?

— Міне, ұрған жоқпын, ешкімді ұрған жоқпын.

Полицейлердің айтуынша бұзақылар тәртіп сақшыларын баспен де, таспен де төмпештепті. Яғни топтасып тұрған алты жігітке екі бірдей учаскелік полиция қызметкері жақындайды. Көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасаған кезде бұзақылар тәртіп сақшыларын балағаттап жұдырық ала жүгірген. Тіпті біреуі ұстап, қалғандары аямай ұрыпты. Алайда дереу көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақылардың қолына кісен салды. Ал оңбай таяқ жеген тәртіп сақшыларына жедел жәрдем фельдшерлері көмек көрсеткен. Қазір күдікті деген үш азамат қамауға алынды. Оларға қатысты екі бірдей баппен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия