jasqazaq.kz

Шымкенттік отбасы астан уланбаған

09 қараша 2019, 11:39

Ажал астан емес! Шымкентте уланған отбасы тұтынған тағамдарды тексерген санэпидемиологтар осындай тұжырымға келіп отыр. Үйдегі азық-түлік, тоңазытқыштағы тағамдар мен тіпті дүкендегі тұшпарасы бар, жалпы 30 түрлі затты зерттеген мамандар бірде-бір зиянды зат анықтай алмады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алмат Қосалиев, Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

— Тұшпарадан бір зиянды нормаға келмейтін гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол, жаңағыдай, газдың әсерінен болған улану деген сөз. Және де бізде сотмедициналық сараптаманың қортындысын алдық. Ол жерде де «белгісіз затпен жедел улану» дейді.

Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қортынды шықпаса да, мамандар бұған газ себепкер екеніне сенімді. Десе де, пәтер ішіндегі ауадан «зиянды металл анықталған жоқ» дейді. Ал уланған отбасына сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетпеді деген арызбен бойынша Шымкенттің төрт медицина ұйымы тексеріліп жатыр. Орынбаев клиникасының жекеменшік жедел жәрдемі мен токсикология бөлімі, жұқпалы аурулар ауруханасы мен 8-ші емханаға қатысты нақты қортынды екі аптадан соң айтылмақ. Қарашаның 3-інде белгісіз заттан уланған отбасының 3 жасар және 10 айлық сәбидері шетінеген болатын. Өздері аман қалған ата-анасы дәрігерлерді дер кезінде көмектеспеді деп айыптаған-ды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда