jasqazaq.kz

Шымкенттік орыс жігіт қажылыққа барады

19 ақпан 2018, 13:10

Ислам дінін қабылдаған шымкенттік орыс жігіті қажылыққа аттанбақ деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Өткен жылдың жаз айында ислам дінін қабылдап, мұсылман атанған шымкенттік Николай Путилин Алла алдында құлшылық жасау мақсатында кіші қажылыққа жолға шықпақ. Осы ретте біз мұсылман атанған орыс жігітіне хабарласып, аз-кем әңгімеге тарттық.

«Мен ислам дінін Шымкенттегі «Айқап» мешітінде қабылдадым. Мұсылман атанғанымда мешіттегілер маған ақпан айында кіші қажылыққа барып қайтуға жолдама беретінін айтқан еді. Одан бері жарты жылдай уақыт өтіпті. Шынымды айтсам, бойымда қорқыныш сезімі басым. Біз Шымкенттен он шақты мұсылман жамағат болып жолға шықпақпыз. Бауырларым «ешнәрседен қорықпа, білмей жасағаннан ештеңе етпейді, қасыңда біз бармыз. Бастысы, ішкі ниет» деп барынша қолдау білдіріп отыр» ,- деген Николай Путилин ислам дінін қабылдаған жарты жыл ішінде өзін іштей өзгергенін айтады.

«Әрине, жарты жыл деген көп уақыт емес. Өмірім түбегейлі өзгерді деп айта алмаймын. Бастысы, ішкі дүнием өзгеріп жатыр. Ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін білдім. Діни сауатым ашылды. Сүрелерді жаттадым. Сауап алудың немесе оны жоғалтудың жолдарын білдім. Білгенімнен үйренерім әлі көп. Бұл ретте маған мешіттегі имамдар мен айналамдағы мұсылман бауырларымның көмегі орасан тиюде» ,-деді шымкенттік жігіт.
Сөзінің соңында жас жігіт өзін үнемі ислам дінін насихаттап жүргенін де айтты. Дегенмен, еліміз ислам мемлекеті болмағандықтан дін қабылдау әркімнің өз еркі екенін де алға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ тілін жетік меңгерген Николай Путилин былтыр ислам дінін қабылдап, тіпті сүндет тойын да өткізген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде