jasqazaq.kz

Шымкенттік мұғалім аялдаманы паналап жүр

23 қазан 2018, 17:02

Баспананың орнына- аялдама, жылы кереует орнына -ағаш орындық. Өзін Елена деп таныстырған бұл әйел бірнеше айдан бері аялдаманы паналап келеді. Айтуынша, басқа барар жері жоқ.

Өзінің үйінен пәтерін жалға алған азаматтар қуып шыққан көрінеді. Бұрын бірнеше мектепте тарих пәнінен сабақ берген тәжірибелі ұстаз болғанмын дейді. Әрі қарай бәрі шым-шытырық. Алдымен күйеуі тастап кеткен. Ізін ала бере балалары да анасынан бас тартқан. Бұл айтып отырғандарының рас, не өтірік екендігі белгісіз. Ленаны аялдама маңына жақын орналасқан дәмхана қызметкерлері байқаған. Алғашқы болып дабыл қаққан да солар.

Ольга Кребцова, дәмхана қызметкері: «Біз бұл кісіге тамақ ұсынып көрдік. Тамақты алады. Алайда, алкогольдан бас тартады. Біз бұған дейін бірнеше рет полиция қызметкерлерін шақырған болатынбыз. Олар алып кетеді де, келесі аялдамаға апарып түсіреді. Ал жедел жәрдем қызметін шақырғанымызда, Ленаның құжаттары жоқ болғандықтан олар алып кетуден бас тартты».

Еленаның келісімімен белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының жасағын шақырдық. Мекеме қызметкерлері ем-дом жүргізіп, толыққанды көмек беру үшін орталыққа алып кетті. Онда түскен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ас-сумен толықтай қамтамасыз етіледі. Оған қоса, заң тұрғысынан да қол ұшын созып жәрдемдесетіндігі тағы бар.

Тастанбеков Өтжан, әлеуметтік маман: «Орталықтың телефон нөмірі 50-56-98. Күндіз-түні хабарласуға мүмкіндік бар бізде. Дезинфектор маманымыз жұмыс істейді. Барған бетте алдымен шомылдырады. Басқа киім-кешек береміз оларға».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде