jasqazaq.kz

Шымкенттік миллионер қыз Шұғыла

19 қыркүйек 2018, 12:02
  

18 жастағы Шымкент тұрғыны Шұғыла Дүйсен жас шағынан жеке бизнесін ашып, миллионер атанған бойжеткен.

NUR.KZ  жазғандай, Шұғыла бизнестің алғашқы баспалдағын 17 жасында басқан. Ол осыдан бір жарым жыл бұрын бірінші дәмханасын ашып, оны сәтті жүргізген. Көп ұзамай тағы екі дамхананы қосып, бүгінде аяғына нық тұрған кәсіп иесі болып отыр.

Арудың жастайынан бизнеске араласыуына ата-анасы себеп болыпты. Айтуынша, олар отбасымен жеке кәсіппен айналысатын болғандықтан, 14 жасынан бастап кассада тұрып, қоймада жүріп, ақшаның қалай келетінін түсініп өскен.

«Басты көмекшілерім де, кеңесшілерім де, инвесторларым да – ата-анам. Себебі олар да бизнес саласында 10-15 жылдай істеп келе жатқан жандар», — дейді ол.

Шұғыла кәсібін ілгерілету үшін көптеген бизнес тренерлерден сабақ алып отыратынын айтады. Дегенмен берген білімді іске асыру үшін де адамның жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады деп санайды.

«Ең бастысы – шыдамдылық керек. Себебі қазір кәсіп ашып, бірден табысқа кенеле қаламын деу – қателік. Кез келген кәсіпке салынған ақша өзін-өзі жаймен өтейді. Екіншіден, қол астыңдағыларға деген сый-құрмет қажет. Олармен арада жылы қарым-қатынас пен түсіністік болуы қажет. Себебі оларсыз жұмыс алға баспайтынын әрбір кәсіпкер түсінуі керек», — дейді Шұғыла Дүйсен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді