
Алматы қаласында стенд атудан Х-Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Оған Шымкент қаласының құрама командасы белсенді қатысып, 18 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 6 күміс және 5 қола бар.
Спотшылар 31 шілдеден 2 тамызға дейінгі аралықта «трап» жаттығуында тқмендегі нәтижелерге қол жеткізді:
Жеке есепте әйелдер арасында Сарсенкуль Рысбекова қола медальға ие болса,
жасөспірімдер арасындағы жеке есепте Максим Бедарев, Сарманова Наргиза күміс медальға қол жеткізді. Қола медальді Прилепина Анастасия жеңіп алды.
Осы көрсеткішпен жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар «трап» жаттығуының чемпионы атанды.
Ересектер арасында «трап\микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов күміс медальға ие болды. Дәл осы бағыт бойынша
жасөспірімдер арасындағы жарыста Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко алтын медальга қол жеткізді, Никита Моисеев мен Мария Мартинкевич күміс медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды, құрамында біздің спортшылар Мария Дмитриенко мен Сарсенкуль Рысбекова.
Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте еліміздің құрамасы алтын медаль иеленді. Оның құрамында Максим Бедарев пен Даниил Почиваловтар бар.
Ал, 3-7 тамыз аралығында өткен әйелдер арасындағы «skeet» жарысында жеке есепте алтын медальді Зоя Кравченко жеңіп алды. Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте күміс жүлдені Наталья Платонова, қола медальді Амалия Кудрявцева жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтын медаль алды, құрамында спортшымыз Зоя Кравченко. Командалық есепте ерлер арасында қола медальға ие болдық, команда құрамында Давид Почивалов.
Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте алтын медаль иеленді, құрамында Амалия Кудрявцева мен Наталья Платонова.
Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар чемпион атанды, команда құрамында шымкенттік спортшы Асади Рахим бар.
Тоқтар Жақаш