jasqazaq.kz

Шымкенттік балмұздақтан тағы да қауіпті инфекция табылды

12 маусым 2018, 18:10

Шымкентте тағы да балмұздақтан стафилококк инфекциясы шықты. Мұны естіп жағаларын ұстаған тұрғындар балмұздақ сататын нысанды дереу жауып тастауды талап еткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Үшінші мегаполис атанған қаланың Нұрсəт шағынауданында орналасқан құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің өнімдерінен ішек таяқшалары бар бактериялар жəне стафилококк инфекциясы анықталған.

Қаратау аудандық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы мамандары Нұрсəттегі «Болашақ» ЖШС-не тиесілі құймалы балмұздақ сататын дүңгіршектің «Ванильное» жəне «Шоколадное» екі балмұздақ түрін алып, ДСМ ҚДСҚ «Ұлттық сараптама орталығына» жеткізген. Сараптамалар нəтижесінде балмұздақ өнімдерінде жұқпалы инфекцияның бары анықталған.
Балмұздақ сатушы нысанның иелері бұл мəліметті жоққа шығарып отыр. Тіпті олар қарсы құзырлы мемлекеттік мекмелердің үстінен шағымданбақ ниеттерінің бар екендігін айтады.

«Бес жылдан бері «Оңтүстік балмұздақ» атты брендпен жұмыс істеп келеміз. Он адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Мемлекеттік құзырлы мекемелерде тіркеуден өтіп ресми жұмыс бастағанбыз. Барлық төлемдерді де уақытылы төлеп келеміз. Керісінше, біз Қаратау аудандық СЭС тарапынан тексеруге жиі ұшыраймыз. Жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді», — дейді жұқпалы дерт инфекциясы табылды делінген дүңгіршек иесі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде