jasqazaq.kz

Шымкенттік әжей Түймебаевты Түркістанға ақ батасын беріп шығарып салды (видео)

17 тамыз 2018, 13:44

75 жастағы шымкенттік кейуана Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты Түркістанға жылап шығарып салды.

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері ресми түрде Шымкент қаласынан облыс орталығы Түркістан қаласына көшті.

Көшті аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың өзі бастап барды.

Жалпы саны 3 мыңнан астам адамды құрайтын керуенді шығарып салуға бірқатар шымкенттіктер де келді.

Тіпті араларында көз жасына ерік беріп, әкімдік қызметкерлерін қимай шығарып салғандар да болды. Солардың бірі — 75 жастағы Рыскүл апа.

Облыс әкімін көлікке дейін шығарып салған әже аналық ақ батасын беріп, шенеуніктерге ақ жол тіледі.

«Қимай тұрмын ғой енді. Бәрін жақсы көремін… Жап-жақсы жұмыс істеп жүр еді әкімдіктегілер. Шынымен барлығы кетіп жатыр ма?», — деді көз жасын тыя алмаған шымкенттік әже.
Түркістан қаласына бет алған көш дәл қазір жолда кетіп барады.

NUR.KZ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді