jasqazaq.kz

Шымкенттік ару вакцинация паспортын киіміне жабыстырып алды (Видео)

29 қыркүйек 2021, 12:43

Шымкенттік блогер Диана Ыдырыс киіміне вакцинация паспортының суретін шығарып, жабыстырып алған. Бойжеткен неліктен мұндай қадамға барғанын айтып берді деп хабарлайды Otyrar.kz.

Диананың сөзінше, ол ерекше принт арқылы азаматтарға вакцнация- тек қажеттілік емес, өзіңді, жақындарың мен айналаңдағы адамдарды қорғау мүмкіндігі екенін жеткізгісі келген. Киімге жабыстырылған вакцина паспортын жұрт әртүрлі қабылдаған. Бірі бойжеткенге қолдау көрсетсе, енді бірі мұндай образды түсінбеген көрінеді. Дегенмен, блогер көпшіліктің ішінен бірден көзге түседі. Оның сөзінше, бұл үрдіс адамдар арасында танымал болуда. «Мен вакцинация паспортының суретін шығарып, киіміме жабыстырып алдым. Өзімнің жеке деректерімді ешкімнен жасырмаймын. Менің мәртебем «жасыл». Адамдар суретті байқаған бетте жымия бастайды. Әсіресе, Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтіндер езу тартады», — дейді блогер.

Диананың бұл киімі QR-кодты сканерлеуден құтқара қоймапты. Тіпті, паспорттың түпнүсқа екеніне күмәнмен қарайтындар да бар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия