jasqazaq.kz

Шымкентті ең адал қалаға айналдыру жоспарланып отыр

07 ақпан 2019, 14:15

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жұмин өзі басқарып жатқан қаланы ең адал қалаға айнаалдырғысы келетінін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Өткен жылы біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңсе тұрғызып, Шымкентті еліміздің ең адал қаласына айналдыру туралы мақсат қойдық. Себебі біз Шымкентті адал қала қылсақ, онда еліміздің кез келген қаласын да адал қыла аламыз», — деп мәлімдеді Данат Жұмин Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қорытынды алқа жиналысында. Данат Жұмин шетелдік оқу орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке келгені туралы және одан кейін кәсіпкер болып, бірақ қайтадан мемлекеттік жұмысқа оралғаны жайлы айтып берді. «Кезінде кәсіпкерлікке ауысқам, себебі өзімді шенеунік ретінде көрсете алмайтынымды білдім. Сөйтіп кәсіпкер болдым. Қазір мемлекеттік қызметте не істеп жүрмін, қалай оралдым? Мен әлемнің көп елдерін шарладым, компаниялар аштым, шетелде оқыдым. Бірде шетелдік профессордың мынадай сұрағын естідім: «Әлемде қандай мамандық мәртебелі?» Көп жауаптар болды. Біреу дәрігерлер деді, енді біреулер оқытушылар деді. Профессор болса бұл жауаптар дұрыс, бірақ оның ойынша ең мәртебелі мамандық — басшы. Себебі оның басқаларға көмектесуі мен жақсылық жасауға мүмкіндігі көп», — деді Данат Жұмин. Шымкент әкімінің орынбасары өмірдің мәнін ұзақ іздеп, соңында мемлекеттік қызметке қайтып келгенін айтты. «Қазіргі ғасырдың мынадай кемшілігі бар, біз өмірдің мәнін таба алмай жүрміз. Мен оны жақсылық жасауда екенін түсіндім. Сондықтан мемлекеттік қызметкермін. Мен өз қызметімді әлемде ең мәртебелі деп санаймын. Өйткені ол маған көп адамдарға көмек қолын созуға жол ашады. Жүздеген, мыңдаған адамдардың тағдырын өзгерте аламын» — деді Жамин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде