jasqazaq.kz

Шымкенттен іздеудегі қылмыскер ұсталды

08 қазан 2018, 16:41

Шымкентте халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.

«Түркістан облыстық ІІД жедел уәкілдері Шымкентте ломбардқа қарақшылық шабуыл жасап, 1 миллион теңгеден астам ақша мен алтын бұйымдарды тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған қала тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ол

ҚазАқпарат мәліметі бойынша, ресми өкіл Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері қала тұрғындарының біріне қарақшылық шабуыл жасап, оның 200 мың теңгеден астам ақшасын тартып алған күдіктілердің бірінің ұсталғанын айтты.

«Қылмысқа қатысы бар тағы бір күдіктіні қолға түсіру шаралары қабылданып жатыр», — деді Алмас Садубаев.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді