
Шымкентте 18-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен мәйіт табылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Мүрдені сол жерде қарау кезінде оның мойын тұсында қылқындыру белгісі анықталды. Сот-медициналық сараптамасында 20 жастағы қыздың қылқындырудан өлгенін дәлелдеді. Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші тармағы, яғни адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ералы Жұмаханбетов, қалалық полиция департаментінің бастығы:
— Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай күдіктінің жеке басы анықталып ұсталды. Ол 1997 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңда күдіктіге бұлтартапау шарасы қолданылды.
24.kz