jasqazaq.kz

Шымкенттегі халықаралық сайыста жедел жәрдем қызметкерлері біліктілігін шыңдап жатыр

23 қыркүйек 2022, 10:49

Айтулы шараға Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және республиканың барлық дерлік өңірлерінен 20 команда қатысып жатыр.

Шымкент қаласында ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған науқастарды сәтті реанимациялау көрсеткіші өте жоғары. Салыстырмалы түрде қарасақ, республика бойынша сәтті жансақтаудың орташа көрсеткіші 46 пайызды құрайтын болса, Шымкентте ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған 100 адамның 59-ы сәтті реанимацияланған. Мұны денсаулық сақтау саласындағы өте маңызды жетістік деуге болады.

Бұл жөнінде Шымкент қаласында өтіп жатқан жедел медициналық жәрдем қызметкерлері арасындағы халықаралық жарыс барысында айтылды.

Айтулы шараға Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және республиканың барлық дерлік өңірлерінен 20 команда қатысып жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп өткізіп жатқан шарада екі күн бойына анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер мен фельдшерлер өзара бақ сынасып, тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырады.

–Шымкент қаласындағы жедел жәрдем станциясының симуляциялық орталығы материалдық-техникалық жабдықталуы жөнінен республикадағы үздік орталықтардың бірі. Мұнда жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, пациентке алғашқы медициналық көрсету машықтарын шыңдауға мүмкіндік беретін 6 муляж бар. Сондай-ақ, қаламызда 102 жедел жәрдем бригадасы бар. Олар замануи талаптарға сай жабдықталған көліктермен халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр, – дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасынан Нұрлыбек Асылбеков.

Айта кетейік, Шымкентте жедел жәрдем станциясына түскен шақыртулар 4 санатқа бөліп қарастырылады. Адам өміріне қатер төніп тұрған бірінші санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем 10 минутқа жетпей барады. Шымкентте бүгінде бұл санат бойынша кешігу жағдайлары тіркелмеген.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр