jasqazaq.kz

Шымкенттегі этноауылда өрт шықты

26 тамыз 2021, 10:35

Шымкент қаласындағы этноауылда өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ТЖМ реси өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«26 тамызда түнгі сағат 00.49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданындағы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Этноауылда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өрт сөндіру бөлімдері шақыртуға 7 минутта келген. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбесі жанғандығын анықтады», делінген хабарламада. Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия