jasqazaq.kz

Шымкенттегі атыстың тағы бір видеосы пайда болды

01 қараша 2019, 11:08

Шымкент кафесінде болған атыстың жаңа видеосы жарияланды, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, полицейлер бұл видеоны нақты кімнің түсіргенін білмейді. Видео авторы іздестіріліп жатыр. «Оқиға орнынан әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», — деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Әсел Сәденова.

Еске салайық, мұның алдында жергілікті БАҚ-тар 29 қазанда Шымкентте кафелердің бірінде атыс болып, екі адам қаза тауып, тағы төрт адамның ауруханада жатқаны жайлы хабарланған болатын. Кафе иесінің айтуынша, бұл жағдайға оның отбасының еш қатысы жоқ. Кафеге келушілер онда ақша үшін сөзге келіп қалған дейді. Әйелдің айтуынша, сол күні кафеде болған атыстан күйеуі зардап шеккен. Қаруланған бір топ адамды көрген ол екінші қабаттан секіріп кетіп, аяғын жарақаттап алған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде