
Шымкенттегі айыптұрағында өртенген 45 көлікке қатысты тергеу жұмыстары басталды. Өзгенің мүлкін қасақана жою дерегімен іс қозғағанына қарағанда полиция өрт айыптұрағына әдейі қойылды деген нұсқаны ұстанып отырған сыңайлы.
Өткен сенбіден жексенбіге қараған түні Шымкенттегі айыптұрағында алапат өрт шыққан еді. Жүк көлігінен басталған алау лезде маңындағы жеңіл көліктермен тоқтамай, көршілес екі қабатты жиһаз цехын да күл қылған. Екі сағатта тұрақтағы 45 көлік жанып кетті. Айыптұрақ иесі болса тек 10 көлік қана жол ережесін бұзғаны үшін әкелінген дейді. Қалған 35-і жойылуы тиіс көлік көрінеді. Темір тұлпары өртенгендердің шығынын айыптұрағының есебінен өтелетін болды.