
Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі өтініші тексеру жүргізуге негіз болды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен мониторингтік топ Шымкент қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында текскеру жүргізіп, құқық бұзушылық фактілерін анықтады, деп жазады Today.kz тілшісі аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі өтініші тексеруге негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танған кезде оның денесіне қол сұғылған.
Тексеру барысында қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу фактілері және Орталық қызметін ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды. Кейбір қызмет алушылардың жеке жұмыс жоспарлары оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентарьмен және киіммен толық қамтылмаған.
Сондай-ақ, асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Тексеру нәтижесінде Шымкент қаласының әкімдігіне Еңбекминінен біліктілік талаптарын ескере отырып, орталық директоры Мырзахан Жолтаевты атқаратын лауазымынан босату және мекеме басшысын қоғамның белсенді өкілдері қатарынан тағайындау туралы мәселені қарау жөнінде ұсыныс жіберілді.
Сондай-ақ, кеңес барысында балаларға арналған 20 медициналық-әлеуметтік мекеменің (бұдан әрі – МӘМ) басшыларына қатысты жазалау шаралары жайы айтылды.
Осылайша, барлығы 13 қызметкерге қатысты жаза қолданылды, оның ішінде 4 орталық басшысы жұмыстан босатылды (3 директор және директордың орынбасарлары; ШҚО, Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласында), Шымкент қаласының № 6 орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысының «Арман» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорларына қатысты жаза қолданылды.
4 орталықтың директорларына (Атырау, Жамбыл, Қостанай және Қарағанды облыстары) қатысты «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза ұсынылды. Сондай-ақ, 6 МӘМ бойынша бұзушылықтар толығымен жойылды. Алматы және Маңғыстау облыстарының екі орталығында бірінші басшылардың ротациясы ұсынылды.