jasqazaq.kz

Шымкентте жұрттың наразылығын туғызған билборд алынып тасталды

04 қыркүйек 2019, 18:18

Шымкентте жұрттың наразылығын туғызған билборд көшеден алынып тасталды. Кеңсе тауарларын жарнамалаған тақтайшада сексуалды мәтінмен бірге жалаңаш денелі балалар бейнеленген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Көпшілікке ерсі көрінген жарнама тақтайшасын Айда Жексен есімді блогер Facebook парақшасында жария еткен болатын. «Шымкенттегі осы билборд қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Онда баланың бейнесін сексуалды мәндегі жарнамаға пайдаланған. Заң жүзінде кәмелет жасына толмаған балалардың бейнесін оларға қатысы жоқ тауарлар мен жұмыстар туралы жарнамаға визуалды немесе дыбыстық тұрғыда пайдалануға тыйым салынған (әлеуметтік жарнамадан басқа). Сондай-ақ, бұл жарнамалар педофилдердің назарын аударады. Осы мәселеге Аружан Саинның мән беруін өтінем» делінген жазбада. Артынша бұл мәселеге қала билігі назар аударып, тез арада билбордты алдырып тастады. Ерсі көрінген жарнама тақтайшасының алынғанын блогер де көпшілікке хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, билбортағы жарнаманы кәсіпкер өздігінен жасатқан, оның суреті мен мәтінін мемлекеттік орган басшыларымен келіспеген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда