jasqazaq.kz

Шымкентте жылыту маусымы 20 қазанда басталады

17 қазан 2022, 16:34
Фото: izvestia.kiev.ua

Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Қазір шаһардағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын. 15 жылу қазандықтар мен 17 сорғы стансалар да толығымен әзір. 19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

«3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның 2 нысаны аяқталып, 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді. 2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл: — 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру, — 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу — 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді. 2023 жылы — 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары. 2024 жылы — 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары.

2025 жылы — 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.

2021 жылы қалада ұзындығы 29,5 шақырым болатын жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,96 млрд. теңге қаралған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр