jasqazaq.kz

Шымкентте жүк көлігі көпірдің қоршауын бұзып өтіп, 4 көлікті басып қалды (Видео)

14 сәуiр 2022, 16:14

Шымкентте жүк көлігі көпірден аударылып кетті. ГАЗ-53 көпірдің қоршауын бұзып түсіріп, 4 автокөліктің үстінен құлаған, деп хабарлайды «Отырар» арнасы.

Жол-көлік оқиғасы 14 сәуір күні таңертең Рашидов көшесінде, бұрынғы автовокзал маңында болған. Куәгерлер оқиға орнын видеоға түсірген.

Олардың айтуынша, ГАЗ-53 жүк көлігі қоршауды бұзып түсіріп, «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеті аумағында төменге құлаған. Тұрақта 4 автокөлік тұрған.

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Көліктердің ішінде ешкім болмаған. Жүк көлігінің жүргізушісі де жеңіл жарақатпен құтылған.

Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Адам шығыны болмас үшін жүргізуші жолдан кетуге шешім қабылдаған. Өзге мәліметтерді полицейлер анықтауда.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр