jasqazaq.kz

Шымкентте жол құрылысы қарқынды

19 қазан 2022, 22:19

Шымкентте «Шығыс» айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысы мен жұмыс сапасын арнайы барып тексерді.

Айтып өтейік, «Шығыс» айналма жолының құрылысы былтыр басталды. 1-кезеңі №1 автожолынан «Әл-Фараби» көшесіне дейінгі аралықты, яғни ұзындығы 3,9 шақырым, ені 60 метр 4 жолақты жолды қамтиды.

Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, құрылыс 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқталмақ. Бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75% орындалды.

Мұнан кейін шаһар басшысы оңтүстік айналма жолының құрылыс жұмыстары барысын тексерді. Агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан мегаполисіміздің көшелерінде көлік кептелісін азайту бағытында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы да арта түсуде.

Бұл бағыттағы жобалардан Ленгір тас жолынан бастау алып, «А-2 Шымкент-Ташкент» автожолына дейінгі аралықты қамтиды. 2021-ші жылы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 16 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда «Шымкент-Ташкент» жолында қиылысатын бөлікте көпір құрылысы және жол жабыны жұмыстары жүргізілуде. Қазір жолдың 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.

Жолайырық аумағында, байланыс, электр қуаты, табиғи газ, сыртқы сумен қамту жүйелері орындарын ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы жоба жұмыстары толығымен аяқталады.

Айта кетсек, Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.

Сонымен қоса, қала басшысы Бәйдәбек би мен Арғынбеков көшелері қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының барысын көрді. Қазір нысанда жұмыс қарқын алған. М.Әйтенов аталмыш нысанның көлік қозғалысын реттеудегі маңыздылығын атап, құрылыс жұмыстары сапасын тексерді.

Тоқтар Жақаш

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт