jasqazaq.kz

Шымкентте жоғалған қыз Тараздан табылды (видео)

30 қараша 2020, 14:18

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Осы жылдың 26 қарашасында «102» нөміріне әйел хабарласып, 12 жастағы қызының жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқушыны шұғыл іздеуге кіріскен.

«Жоғалған қыз көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 26 қарашада 12 жастағы қыз қаладағы «Алаш» базарына барып, үйіне оралмаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қызды Тараз қаласынан тапқан. Ол Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде болған», — делінген хабарламада.

Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ қызды Шымкент қаласына жеткізген.

Қазіргі таңда психолог жасөспіріммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушының анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, оларға ризашылығын білдірді.

https://youtu.be/RLhhF50tzbA

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде