jasqazaq.kz

Шымкентте жертөледе жұмыс істеген караоке әшкере болды (видео)

19 қараша 2020, 13:05


Шымкентте караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істеген.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына Нұрсат мөлтекауданының тұрғындары жертөледе орналасқан караоке-клуб карантин режиміне қарамастан жұмыс істегені туралы арызданған.»Осы арыз бойынша Қаратау ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, аудандық прокуратура мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Нәтижесінде караоке-клуб карарантин режимін өрескел бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Осыған байланысты нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша жинақталған іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», — делінген хабарламада.

https://www.youtube.com/watch?v=R9R564ODMGo&feature=youtu.be

tengrinews.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия