jasqazaq.kz

Шымкентте жер салығының мөлшері елордамен теңеседі

14 тамыз 2019, 16:44

Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуы салық төлемдеріне де өзгерістерін әкеліп жатыр.

Өткен жылдың 19 маусымында республикалық маңызы бар қала мәртебесіне өткен шаһар тұрғындары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығын басқаша төлейді. Дәлірегі, Шымкентте жер салығының мөлшері Елордамен теңеседі. Бұл туралы Елорда Инфо otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 1 қаңтардан бастап Шымкентте жер салығының мөлшерлемесі шаршы метріне 9,17 теңгеден 19,3 теңгеге өседі. Атап айтқанда, қазір шымкенттіктер тұрғын үй қорына алынбаған жердің бір шаршы метріне 9 теңге 17 тиыннан төлеп келеді. Енді осы мөлшерлеме 19 теңге 30 тиынға ұлғаяды. Ал тұрғын үй қорына алынған жердің бір шаршы метріне 0,96 теңгеден салық төлейді. Сондай-ақ, Шымкентте тұрғынжайдың базалық мөлшерлемесі бір шаршы метріне 60 мың теңге болады. Бұдан бөлек, Түркістанда бір шаршы метр жердің салығы 9,17 теңгеден болса, тұрғын үй қорындағы жердің шаршы метріне 0,58 теңгеден есептеледі. Тұрғынжайдың бір шаршы метріне 36 теңгеден белгіленген. Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкенттің кіріс мөлшері шығысынан асып түседі. Ел үкіметінің жоспарына сәйкес, Шымкент 2025 жылға қарай донор қалаға айналуы күтіліп отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда