jasqazaq.kz

Шымкентте жасөспірім сұмдық жол апатын жасады (видео)

14 мамыр 2021, 15:35

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім Шымкентте көлікті ұрлап мініп, бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті «Отырар» телеарнасы.

Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

«Бойжеткен жолдың арғы бетіне өтіп жатқанда жоғары жылдамдықпен келген жеңіл көлік оны қағып кетті», – делінген ақпаратта.

Кейбір деректер бойынша, зардап шеккен қыз автобуста бейресми кондуктор болып жұмыс істеген және сол күні құрбысының жұмысына уақытша шыққан көрінеді.

Ал жаяу жүргіншіні қаққан көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жас жігіт болып шықты. Ол туысының көлігін ұрлап мініп, қала көшесінде жүйткіген.

Қатты соққы нәтижесінде 21 жастағы қыз ауыр жағдайда реанимацияға жеткізілді. Дәрігерлер мидың 1-2 дәрежелі контузиясын, сондай-ақ кеуде қуысының жарақаттарын және жамбас сүйектерінің сынғанын анықтады.

«2000 жылы туған науқас үшінші дәрежелі травматикалық шокпен ауруханаға жеткізілді. Ауыр жағдайдағы оған шокқа қарсы және симптоматикалық терапия жүргізілді. Қазіргі кезде жағдайы ептеп түзеле бастады», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

sputnik.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде