jasqazaq.kz

Шымкентте «Жас патриот – 2022» әскери-патриоттық жиыны өтті

08 тамыз 2022, 12:34

Шымкент қаласында «Жас сарбаз» сыныптары арасында «Жас патриот – 2022» атты бірінші әскери-патриоттық жиын басталды. Екі күн бойы жалғасатын іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қалалық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Жиынға қатысшқан басқарма басшысы Мұратжан Шотанов жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін мұндай іс-шаралардың мыңызы зор екенін атап өтті.

–Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, бүгінгі жиынның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ел мен жер болашағына деген жауапкершілікті сезіндіру, – деді жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.

Сонымен қатар, ашылу салтанатында республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадияров және «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Онбаев сөз сөйлеп, жиынға қатысушы жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан кейін қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бұл жиынға Шымкент қаласындағы 25 орта мектептен 100-ге жуық оқушы қатысып жатыр. Оқушылар екі күн бойына кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, пневматикалық винтовкамен ату, қорғаныс және әскери киімдерді жылдам кию, 100 метрге жүгіру және әскериленген эстафета бойынша бақ сынайды.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде