Шымкентте жаңа өрт депосы салынуда

29 маусым 2022, 13:01

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарды аралап, жұмыстың барысын көрді. Алдымен Адырбеков көшесін жөндеу жұмысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс қарқын алған. Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдар орнату көзделген. Қазіргі сәтте жұмыстың 45 пайызы орындалған. Нысан құрылысының аяқталуы 2023 жылға өтпелі.

Адырбеков көшесі 2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейін бір шақырымға жуық аумағы жөндеуден өткен болатын. жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралығында қайта құру жұмыстары атқарылуда. Ал, Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.

Қала әкімі нысандарды аралау барысында М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қаралған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

Қаладағы Түркістан көшесі бойында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде. Шаһар басшысы М.Әйтенов нысанның құрылыс жұмысымен танысты.

Қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарып келген. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылатынын мәлімдеген.

Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.

Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.

Құрылысы осы жылы басталған нысан 2023 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмысы аяқталса, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді.

Тоқтар Жақаш

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды