jasqazaq.kz

Шымкентте жалған куәлік жасаған мектеп директоры 7,5 жылға сотталып кетті

13 қазан 2021, 16:58

Шымкентте мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы жалған куәлік жасаумен айналысқан білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директорына қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Олар сөз байласып, мұғалімдердің тестен сүрінбей өткенін көрсететін сертификат пен куәліктерді бірнеше рет қолдан жасап, саудаға салған. Бұл іспен 2018 жылдан бастап айналысып келген.

Жалған анықтаманы 340 педагогтың алғаны белгілі болды. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген.

Ұстаздардың басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген қаржыны қайтарып үлгерген. Бұл сома 210 миллион теңгені құрады.

Сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-шенеунік 4 жыл мерзімге сотталды.

«Сотта белгілі болғандай, сотталушылар білім беру ұйымдарының мұғалімдерін 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейінгі аралықта алдап, сенімге кіру арқылы аттестаттар мен тестілеуден өткендігі туралы куәліктерді бірнеше рет жасап, саудаға салған. Осы арқылы жәбірленушілерден ақы алып келген», — деді қалалық Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия