jasqazaq.kz

Шымкентте заң қызметкерлері жаппай қан тапсырды

12 сәуiр 2018, 19:39


Адамның құқығын қорғаушылар, енді адам жанына да араша түспек. Шымкентте адвокаттар жаппай қан тапсырды. Заң қызметкерлерінің арасында тұрақты донорлар да бар.
info@otyrar.kz  хабарлағандай, «Өзгеге өмір сыйла». Адвокаттар алқасы осындай игі шараға қатысып, денсаулығы сыр бергендерге көмек қолын созды. Жылда өткізілетін бастамаға биыл 30 құқық қорғаушы қатысып, қан тапсырды. Шымкенттік қорғаушылардың айтуынша, қан тапсыру сауап іс, әрі садақа.
Серік Баймұрадов, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы: «Біз бір айдың жүзінде қан тапсырып жүрміз. Бірнішіден — донорлық қайырымдылық іс, екіншіден-садақа. Осылайша қан тапсырып тұрсақ, сан мыңдаған адамға ем болар деп ойлаймын. Бір ғана адвокаттық жүйенің жұмысын жүргізу емес, қан тапсырып салауатты өмір салтын ұстап, қайырымдылық жасағымыз келеді».
Облыстық қан орталығында қан мен оның компоненттері жеткілікті дейді осындағы мамандар. Дегенмен, донорлар саны артса, ол — жақсылықтың белгісі. Өйткені қан тапсыру арқылы донор ауру адамға өмір сүру мүмкіндігін сыйлайды.
Cтатистикаға сүйенсек, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж. Донорлық қан болмаса, көптеген ауруға шалдыққан балалар мен ересектердің өмірін арашалап қалу мүмкін болмас еді. Акция әлі де жалғасады. Сондықтан қан тапсыруға ниетті азаматтар облыстық қан орталығына келіп қан тапсыруларына болады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді