jasqazaq.kz

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

17 маусым 2022, 11:52

Күн жылынып, көк шыққаннан шыбын-шіркей мен масалар да қоғамдық орындарға серуендеушілердің мазасын алып жатады. Ал, Шымқаламызда маса тектесті улау жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

Дәрігерлер маса шаққанда асқынудың алдын алу үшін мына бір жайтты есте ұстау керектігін хабарлады. Маса шаққан жерді балалар жиі қасиды, қолының тазалығын қадағалаған жөн. Жиі сабындап жуып тұру керек екенін айтады. Өйткені қасыған жер қабынып жараға айналуы мүмкін.

Қазір Шымкентте дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде. Қаланың барлық тұсына масаға қарсы дәрі себу сәуір мен қыркүйек айларының аралығында кезең-кезеңмен жүргізіледі. Атап айтқанда масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде.

Жауапты мамандар дендросаябақ пен «Қасірет» мемориялы секілді адамдар көп жүретін қоғамдық орындар аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы жолдардың бойына арнайы техникамен дәрі бүркілді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл дәрі тек масалар мен шіркейлерге ғана әсер етеді. Ал, адамдар мен құстарға еш зиянды әсері жоқ екен.

– Қаламызда биыл бірінші рет қолға алынған масаға қарсы дәрілеу жұмыстарына сәйкес, жалпы аумағы 4 млн. шаршы метрге жуық жерді өңдеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1,3 млн. шаршы метр – өзен-каналдар аумағы, 2,3 млн. шаршы метр – саябақтар аумағы, ал қалған 855 мың шаршы метр – гүлзарлар мен аллеялар аумағы. Залалсыздандыру жұмыстары жаз бойы жүргізіледі. Саябақтар мен гүлзарлардағы тиісті жұмысты – бір мекеме, ал өзен-каналдар аумағында екінші мекеме жүргізеді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Мамандардың айтуынша, бұған қоса, қала аумағындағы кеміргіштерге қарсы улау және ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жылқы мен шошқаға дәрі бүркілсе, уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылады, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға дәрі бүркіледі.

Екі мезгілден тұратын жұмыс мал басын түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды. Осылайша ветеринария саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр