jasqazaq.kz

Шымкентте ұлын саудалаған көпбалалы ана сотталды

04 ақпан 2022, 11:59

Шымкентте 1,5 жастағы ұлын сатқан көпбалалы ана 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Otyrar.kz татарқан ақпаратқа сәйкес іс материалдары бойынша 32 жастағы әйел өзінің 1,5 жастағы ұлын сатпақ болған. Бұл туралы ол өз танысына мәлімдеген.

Ақпаратты естіген полицейлер баланы сатып алмақ болған жұп болып сатушымен байланысқа шыққан. Көпбалалы ана сатып алушыларды баланы көру үшін үйіне шақырған.

Дәурен Сайханов, Шымкент ювенальді сотының басшысы:

Айыпталушы кездесуге шақырып, үйіне алып барған. Бастапқыда 1,5 миллион теңге сұраған, кейін 1 миллион теңгеге келісті. Саудаласу барысында полицейлер ақшаны берген, ал әйел баланы дайындап, полицейлердің қолына ұстатқан. Осы сәтте ол қолға түсті. Сауда барысын полицейлер жасырын камераға түсіріп алған.

Анықталғандай, әйел ажырасқан және төрт баланы жалғыз асырап отырған. Босанған соң ол баласын жетімдер үйінде тастап кетпек болған. Бірақ мамандар райынан қайтарыпты. 1,5 жылдан кейін қаржы жетіспегендіктен өзінің кіші баласын сатпақ болған.

Бұдан бөлек тағы да бір ана өз баласын сатқан. Ерлі зайыптылар бесінші балаларын бақуатты отбасыда өмір сүргенін қалапты. Осылайша келісім бойынша сатып жіберген. Арада аз уақыт өткенде баланың биологиялық анасы баласын қайтарып алғысы келген. Бірақ асырап алған отбасы баланы қайтарудан бас тартқан. Ал анасы полицияға шағымданған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде