jasqazaq.kz

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды (видео)

28 қыркүйек 2020, 12:17


Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. 

Бұл туралы  Tengrinews.kz мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.  «Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент аумағында қылмыстық топты ұстады. Олар алдын ала сөз байласып, тиісті қызметті көрсетпей, нақты жұмысты орындамай, ірі көлемде тауар жөнелтумен және шот-фактура жазып берумен айналысқан», — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеріс барысында 40 миллион теңге, яғни 615 миллион теңге сомасында жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін жалпы сомманың 6,5 пайызы мөлшерінде сыйақы алып жатқан жерінде 4 адам ұсталған.

«Шымкент қаласы Абай аудандық соты күдіктілерді ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оларға үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде