jasqazaq.kz

Шымкентте үйлену тойында атыс болды

16 қараша 2018, 12:41

Қарашаның 14-нен 15-іне қараған түні тойда бірнеше қонақ жанжалдасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбелескендердің бірі травматикалық қарумен қонақтың біреуін бірнеше рет оқ атып, маңдайы мен ішінен жарақаттаған. Сол сәтте тағы біреу зардап шегушінің артынан келіп кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Қару қолданған жігіттер кейін «Мазда» көлігімен қылмыс болған жерден бой тасаламақ болған. Алайда, олар оқиға орнына келіп жеткен полиция департаментінің арнайы көлігімен соқтығысқан. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция қызметкерлері төбелескендердің барлығын анықтап, күдіктілерді ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді