jasqazaq.kz

Шымкентте вирустан қайтыс болған науқасқа қатысты деректер шықты

24 сәуiр 2020, 11:56

#үйдеотыр

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты деректер шықты. Бұл туралы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Қайтыс болған әйел адамның 1968 жылғы екені белгілі болды. Ол Абай ауданында тұрған.

20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған.

«Ауруханаға түскен кезде науқастың ауыр жағдайына байланысты тыныс алдыру аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шарасы жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған барлық адамның оқшауланып, карантинге жатқызылғаны айтылады.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)