jasqazaq.kz

Шымкентте уланған шетелдік әйел көз жұмып, екі бала ауруханаға түсті

27 сәуiр 2021, 12:22

Шымкентте Өзбекстаннан келген бір отбасы белгісіз заттан уланып қалды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

36 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ауыр халдегі екі бала ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олар қалаға пойызбен келіп, хостелден бөлме жалдаған. Таңертең өздерін нашар сезінген.

Шетелдіктер тұрған бөлмеден мамандар нормаларды бұза отырып, орнатылған су жылытқышты тапты. Қайғылы жағдайдың екінші ықтимал себебі тамақтан улану болуы мүмкін. Өйткені қайтыс болғанға дейін әйелдің баклажан жегені белгілі болды. Азық-түлік үлгілері зертханаға жолданып, тексеріліп жатыр.

Өзбекстан Республикасының азаматтары мұнда пойызбен келіп, осы жатақханаға орналасты: 1985 жылғы әйел мен оның 2016 және 2010 жылғы екі баласы. Қазіргі уақытта балалар медициналық мекемеге орналастырылды. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі әлі жансақтау бөлімінде, — деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бахадыр Расулов

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия