jasqazaq.kz

Шымкентте той маусымы басталып кеткен бе? (видео)

27 мамыр 2020, 8:40

Шымкентте дендросаябақта серуендеген жас жұбайлар қаладағы карантин режимін бұзды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қыметкерлері А.Асқаров атындағы дендросаябақ алдында серуендеп жүрген жастардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді.

Олар өз әрекетін тойдың алдындағы дайындық деп түсіндірген. Жастар арнайы фотосессия жасап, бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, тойды карантин режимі аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлаған. Алайда маскасыз жүріп, карантин режимін бұғаны үшін полиция қызметкерлері ол азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, түсініктеме алды.

Оларға қатысты шара қабылдау үшін жинақталған әкімшілік іс құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жолданады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия