jasqazaq.kz

Тіркеусіз тұрғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04 мамыр 2018, 16:45

Шымкентте 4 күн бойы «Тіркеу» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп, 15 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй мен жекелеген баспаналар тексерілді. Нәтижесінде 959 заң бұзушылық жайты анықталған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, шара барысында 1399 әкімшілік құқықбұзушылық  дерегі тіркелген. Оның ішінде ең көбі Әл-Фараби ауданында тіркеліп отыр. Аталған ауданда — 471, Абай ауданында — 351, Қаратауда — 277, Еңбекші ауданында 30 әкімшілік құқықбұзушылық жайттары анықталған. Тексеру кезінде мекенжайы бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 959 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Тағы 644 азамат ішкі істер органдарына есепке алынып, қабылдау-тарату орындарына құжатсыз жүргені үшін 29 тұлға жеткізілді. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап іс-шараның екінші кезеңі басталады. Жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық