Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды, — деп хабарлайды otyrar.kz.
Белгілі болғандай, қашқын ұзақ уақыт бойы жасырына алмай, бір күннен кейін қалада ұсталған. Оған мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады, енді түзеу мекемесінен қашып кетті деген айып тағылды.
«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады», — деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.
Аталған факт бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.