jasqazaq.kz

Шымкентте теміржол вокзалынан өрт шықты

21 қантар 2020, 10:29

Шымкентте теміржол вокзалынан өрт шықтыү. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«21 қаңтар күні сағат 02.07 кезінде өртке қарсы қызмет пультына Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының екіқабатты ғимаратынан өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғанындай, ғимараттың бірінші қабатындағы қосалқы бөлмеде жиһаздар мен қағаз қораптар өртеніп, тілсіз жау 6 шаршы метрді жайылған», — делінген хабарламада. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бірер минуттың ішінде ауыздықтаған. Құтқарушылар келмей тұрып, ғимараттан 30 шақты адам сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 52 адам мен 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері өртті сөндіру барысында вокзал аумағын қоршап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия