jasqazaq.kz

Шымкентте тауық қырылып жатыр (видео)

10 қараша 2020, 12:06

Соңғы бір аптаның ішінде «Бадам» елді мекенінде 100-ге жуық үй құсы қырылған. Белгісіз дерттен арам қатқан қанаттыларды иелері өз күшімен өртеп, көздерін жойыпты. Ал, тірі қалғандарының аузына арақ тамызып, адыраспанмен аластатып, әйтеуір аман алып қалғандарын айтады. Бірақ, соған қарамастан, кейбірі шетінен баудай түсіп жатыр екен. Әзірге, індеттің неден келгені белгісіз. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

– Ойда-қырда ештемеден көмек болмады ғой, дәрі-дәрмектен. Өздерінен өздері тамақтары қыжылдап, ауыздарынан су ағып, қырылып бітті. Құс тұмауы деп айтты маған. Кеше звандап білгенімде мал дәрігерлерінен. Бәріне келіп жатыр деді. Кептермен келеді. Жем шашамыз, сол жемге кептерде келеді ғой, солардан жұқты ма? Өйткені, жан-жақтан келіп қосылатын бөтен тауықтардан жұққан жоқ, – дейді Шымкент тұрғыны Базарбек Раушанов.
Мұндай жағдай «Бадам» елді-мекенінде жиі кездесуде, дейді тұрғындар. Бірақ, соған қарамастан бірде бір маман үй құстарына дәрі екпепті. Залалсыздандыру жұмыстарын да жүргізбеген. Жергілікті жұрт ауылдағы мал дәрігеріне бірнеше мәрте хабарласқанымен, дезинфекция ісіне қаржы бөлінбегенін айтқан.

– Мен былай санағаным жоқ. Бірақ, 50-ден көп тұғын. Дәу-дәу тауығы бар, қоразы бар. 50-ден көп. 60-70 бас бар-ау. 3 қап тауық болды ғой өлгендері. Тола-тола 3 қапқа салдым. Апарып өртеп жібердім, – дейді Шымкент тұрғыны Еркін Мұсаев.
Дегенмен, мұны ветеринарлар да растап отыр. Ауылшаруашылық басқармасы мамандарының сөзінше, 342 бас үй құсының өлген дерегі анықталыпты. Соның ішінде 20 сынама зертханада тексеріліп, барлығынан теріс қорытынды шыққан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия