jasqazaq.kz

Шымкентте такси жүргізушісін өлтіріп кеткен екеу қолға түсті

11 сәуiр 2022, 17:23

Шымкенттік полицейлер такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікпен екі адамға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпан айының соңғы күнінде 102 пультіне ауруханадан қоңырау келіп түскен. Дәрігерлер түрлі ауыр жарақатпен ер адамның жеткізілгенін хабарлаған. Ақпарат түсе салысымен Абай аудандық ІІБ-нің жедел-тергеу тобы, прокурорлар мен ПД өкілдері оқиға орнына аттанады.

Арнайы топ құрылды.

Полицейлер қарақшылық шабуылға екі жас жігіттің қатысы барын анықтайды.

«Екеуі де жұмыссыз. Тәртіп сақшылары олардың таныстарының ортасын, өмір жолын зерттеп, сыныптастарымен, жанар-жағармай құю станциясының қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен сөйлесіп көрді. Жедел қызметкерлер олардың бірін Бәйдібек өңіріндегі қой қораларының бірінде ұстап, қамауға алды. Бір аптадан кейін оның сыбайласы да Сарыағаш ауданындағы шалғай ауданда қолға түсті», — делінген ПД хабарламасында.

Екеуі де қолға түсіп қалудан қорқып, шалғай түкпірдегі мал қораларын паналаған. Олардың құрбаны болған азаматтың автокөлігін полицейлер Түркістан облысындағы ауылдардың бірінен бөлшектелген күйінде тапты», — делінген хабарламада.

Шымкент қалалық ПД хабарлағандай, жәбірленуші наурыз айының басында аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды.

Қазіргі кезде күдіктілер қазір қамауда отыр. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – «Тонау және кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде