jasqazaq.kz

Шымкентте Сурдлимпиада Ойындарының жүлдегерлері марапатталды

03 маусым 2022, 16:35

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еркін күрестен Сурдлимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржанға 2 бөлмелі пәтер кілті және осы олимпиадада 5 орыннан көрінген Пернеш Шадиярға, қос спортшының жаттықтырушысы Омар Ғалымжанға қаржылай сыйлық табыстады.

Қос спортшыны жетістігімен құттықтаған қала басшысы мемлекет тарапынан денешынықтыру мен спортты белсенді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

–Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда спорттың кез келген түрімен жаттығуға жағдай жасалған. Спорт қолдау тапса, саңылақтар шыңдалып, еліміздің абыройын көтереді. Бүгінде шымкенттіктер өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін, — деді М.Әйтенов.

Өз кезегінде спортшылар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға алғыстарын білдіріп, еліміз бен шаһар спортын жаңа белеске шығаруға аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.

Р.Сабыржан мен П.Шадияр Халықаралық спорт шебері. Жуырда Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен ХХІV Жазғы Сурдлимпиада Ойындарында күміс жүлдесін жеңіп алды. Осы Олимпиадаға 100 мемлекеттен спорттың 21 түрінен 3500 жуық спортшы қатысты.Қазақстан Республикасының құрама командасынан 65 спортшы (Шымкент қаласынан С.Рсалы, Ш.Пернеш.) қатысып, 4-алтын, 7-күміс және 18 қола медальмен командалық есепте 13-ші орын алды.

Рсалы Сабыржан 70 кг салмақта күміс жүлдесіне ие болса, Пернеш Шадияр 65 кг салмақта 5 орыннан көрінді. Айта кетсек, қос спортшы Шымкент қаласы №19 мүгедектерге арналған спорт клубында жаттыққан.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр