jasqazaq.kz

Шымкентте студент қыздар оқушыларды тонаған

30 қантар 2019, 11:31

Шымкентте полиция колледжде оқитын бірнеше студент қызды оқушыларды тонады деген күдікпен ұстады.

№ 10 орта мектептің оқушы қыздары тоналған.

«Сабақтан шыққан оқушыларымызға колледждің студент қыздары келіп, ұялы телефондарын тартып алған», — деді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Бекболатова.

Ата-аналардың бірі полицияға арыз жазған.

Оның айтуынша, «қызы үйіне айфонсыз келген, соққы жасалған және жылаған».

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, «студент қыздар оқушыларды тепкілеп, бетінен ұрған».

Оқиғадан кейін мектепте тоғызыншы сынып оқушыларын шақырып, жиналыс өткізілген.

«Полиция қызметкерлері 23 қаңтарда оқушы қыздарды тонады деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер колледж студенттері болып шықты. Олар күш қолданып, оқушы қыздардың ұялы телефондарын тартып алған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: Otyrar.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық