jasqazaq.kz

Шымкентте соққыға жығылған ана балаларымен татуласты

21 қантар 2021, 14:09

Шымкентте туыстарының құрбаны болған әже балаларынан алимент алатын болды.

Әженің тағдыры туралы құқыққорғаушы Еркін Кахаров айтып берді. Төтенше жағдайды ол бірінші білген және әженің құқығын қорғауға қолдау көрсеткен. Сонымен қатар, заңгер Шымкент қаласының Абай аудандық сотына зейнеткер атынан балаларынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз берген.

«Сот процеске қатысушылардың бәрін медиация бөлмесіне шақырып, татуластыру жолдарын қарастырды. Бір қарағанда келісімге келмейтіндей көрінді. Бірақ нәтижесінде балалар анасын құшақтап, сүйіп, қателігін мойындады. Өкініп, кешірім сұрады. Мен көптеген медиацияға қатыстым, бірақ бұдан жақсы нәтижені көрген емеспін», — деді Еркін Қахаров.

Заңгер олар татуласса да, зейнеткерге алимент төлеу туралы арыз қаралатынын атап өтті. Айта кетейік, Алтынкүл апа туралы оқиға әлеуметтік желілерде зейнеткерге қарсы зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы видео тарағанда мәлім болған еді. Әже өзін туған қызы мен күйеу баласы ұрып-соқанын мәлімдеді.

Қарт әйел денесіндегі жарақаттарды көрсетіп, болған жайттың жай-жапсарын айтты. Оның айтуынша, жанжал күйеу баласымен бірге тұрған үйге байланысты туындаған. Бірнеше жыл бұрын ол бұл үйді қызының атына жазып берген. Бірақ, біраз уақыттан кейін қызы қайтыс болып, күйеу баласы зейнеткерді үйден қуған. Әженің екі қызы да үйді бөлісуді қалаған. Сол себепті сот процесі бірнеше жылға созылды. Ал әже әлі күнге сол үйде тұрып жатыр.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде