jasqazaq.kz

Шымкентте «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясы өтті

08 маусым 2022, 17:23

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында «Шын ниетпен» қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты — аудан аумағындағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, мерекелік көңіл күй сыйлау.

Аудан әкімі Р. Мүлкеманов қайырымдылық акциясының аясында, аудан орталығында орналасқан «Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі орталығына барып, бүлдіршіндерді құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады.

–Бүгінгі акцияның мақсаты — ерекше балаларға өз қамқорлығымызды көретіп, олардың өмірге деген құштарлығын ояту. Жалпы ауданда 2000-ға жуық әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгін мыңға жуық балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өз сыйлығымызды табыстаймыз. Сондай-ақ балаларды қорғау күнінде 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік дастархан жайып, ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырған болатынбыз. Ал, 500 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар таратылды,- деді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Жанысбекұлы.

Орталықта 30-ға жуық балаға әлеуметтік, психологиялық қызмет көрсетіледі. Бүгінгі болған іс-шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары, «Ізгілікке жарысайық» қоғамдық бірлестігі және «Мейірім» қайырымдылық қоры да атсалысып, өз көмегін көрсетті.

–«Асыл-ай» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалу орталығы 2019 жылы ашылды. Осы уақытқа дейін көптеген жүйке ауруына шалдыққан балалар емделіп, оң нәтижесін беріп, бізді қуантып жатыр. Қазіргі таңда орталығымызда 8 тәрбиеші және олардың көмекшісі, массаж, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді, — деді «Асыл-ай» оңалу орталығының басшысы Күнсұлу Зейілбекқызы.

Осы қайырымдылық акция барысында 1000-нан астам балаға сыйлық табысталды.Сондай-ақ, Дүниежүзілік балаларды қорғау күні аясында аудандағы 150 мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы мерекелік дастархан жайылып, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Ал, 500 әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға аудан кәсіпкерлері тарапынан сыйлықтар берілді.

Айта кетсек, Қаратау ауданында жалпы саны 2000-ға жуық әр түрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі және ерекше балалар бар. Алдағы уақытта да аудан әкімі атынан аталған бағыттағы қайырымдылық шарасын ұлғайту жоспарланып отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр