jasqazaq.kz

Шымкентте шатырға біз өкше аяқ киіммен шығып, тесіп тастаған (видео)

31 мамыр 2018, 15:57

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша жетімдер мен мүгедектерге берілген үйлердің қабырғалары шытынап жатыр.
Нұрсәт ықшамауданындағы 108 пәтерлік үш үйдің тұрғындары жауын-шашын болса азапқа түседі.
kaz.caravan.kz  хабарлағандай, шатырдан аққан су жоғары қабаттардағы пәтерлерді басып, тіпті дымқылданған электр сымдарының тұйықталуы да жиі болады екен. Соның салдарынан жарық сөніп қала береді. Ал шенеуніктер бәленің бәрі қыз-келіншектердің аяқ киімінен деп отыр.
Тоғыз қабатты үйлер 5 жылдан аса уақыт бұрын жетімдер мен мүгедектерге берілген. Тұрғындардың сөзінше, үйдің тым сапасыз екенін енді көшіп келген кезде мердігердің өзі ашық айтыпты. Бірақ шу шығармауды сұрап «өзіміз қатырамыз» деп алдаған. Үйді салдырған жұмыспен қамту бөліміндегілердің де әрекеті осы сарындас.
Расымен де ақжағалылар өздеріне де, мердігерге де шаң жуытпай, «үйді екі мәрте жөндеткенбіз» деп отыр. Олар «шатырдан су кетуіне — құрылыстың сапасыздығы емес, шатырға біз өкше аяқ киіммен шығып, тесіп тастаған қыз-келіншектер кінәлі» екенін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды.
«Қыз-келіншектер каблуктарымен жүреді. Сол себепті тесіктер пайда болған», — дейді Шымкент қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев.
Мердігердің келісім-шарты бойынша үйлерге екі-ақ жылға кепілдік берілген. Ол мерзімнің әлдеқашан өтіп кеткенін ескердік деген шымкенттік шенеуніктер енді қыз-келіншектердің биік өкшесі тескен тесіктерді жамауға демеуші іздеп жатыр.

(Дереккөзі КТК)

https://www.youtube.com/watch?time_continue=22&v=la3uAmQlVX4

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді