jasqazaq.kz

Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі өз қылмысын жасыру үшін қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

11 сәуiр 2022, 18:05

Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын кредит беретін компаниядан қоңырау түскен. Қызметкер оларға шабуыл жасалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар келді. Кассирдің айтуынша, сағат 18.30-да орта бойлы, медициналық маска таққан, көзілдірік киген шамамен 30-35 жастағы ер адам кірген. Ол пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен.

Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ал криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараны жүргізді. Күдіктінің фотороботы жасалып, көрші облыстарға дейін таратылды. Қарақшылық болған нысанға көрші орналасқан дүкен сатушыларынан да сұрастырған.

Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ол үйінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында кассир кассада тиісті соманың болмауына байланысты қарақшылық әрекетті өзі ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұл ойын жүзеге асыру үшін досынан көмек сұраған.

Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Шымкент полициясы азаматтарға қылмыс туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде